Димаш Құдайбергеннің композициясы Париж төрінде әуеледі

ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Болгарияның көркем гимнастика спортшысы Боряна Калейн Димаш Құдайбергеннің «SOS d’un terrien en détresse»  композициясына өнер көрсетті.

Париж
Фото: Видеодан алынған скрин

Нәтижесінде Димаштың әнінде өнер көрсеткен гимнаст Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Димаш есімі әлемге дәл осы ән арқылы танылған болатын. Ол 2017 жылы Қытайдағы «I’m a singer» жобасына қатысып, «SOS d’un terrien en détresse» әнін француз тілінде шырқаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 35-орында тұр. Олимпиада ойындары 11 тамыз күні мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар