Парижде дзюдодан «Grand Slam» турнирі басталды
АСТАНА. ҚазАҚпарат - Бүгін Франция астанасы Парижде маусымның алғашқы дзюдодан «Grand Slam» турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Grand Slam» турниріне Қазақстан сапынан 5 спортшы қатысады. Жарыстың алғашқы күнінде 60 келіде Асхат Тельманов алғашқы айналымда словениялық Трбовц Матьяжбен белдессе, Ғұсман Қырғызбаев жарысқа 1/16 финалында қосылады.
66 келіде Мейіржан Қалтаев Шмит Томмен кездессе, Әбілхайыр Мәуленин жеребе бойынша татамиге 1/16 финалда шығады. Елдос Жұмаханов 73 келіде ел намысын қорғайтын болады.