Парижде Эрик Сатидің музыкалық фестивалінде қазақстандық жас дарын Абдысағын Рахат-Би өнер көрсетуде

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Парижде 16-19 мамыр күндері ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы ұлы француз модернисті Эрик Сатидің музыка фестивалі өтуде.

Парижде Эрик Сатидің музыкалық фестивалінде қазақстандық жас дарын Абдысағын Рахат-Би өнер көрсетуде

Оның туындыларын Италия, Англия, Швейцария, Израиль, Франция, тағы да басқа әлем елдерінің музыканттары орындамақ.

Концертті Қазақстаннан барған жалғыз қатысушы, жас композитор-пианист Абдысағын Рахат-Би өзінің он үш жасында жазған 6 бөлімнен тұратын «Сати стиліндегі сюита» шығармасымен ашты.

Жас дарынның туындысы да, орындаушылық шеберлігі де фестиваль қонақтарының, тыңдармандарының көңілінен шығып, олар авторлық сюита ұлы композитордың рухы мен стилін, оның Францияда өмір сүрген дәуірінің атмосферасын дәлме-дәл әрі шебер жеткізгендігін атап өтті.

Аталмыш фестиваль - қазақстандықтардың жоғары музыкалық және зияткерлік деңгейі кезекті рет паш етілген әлем мәдениетіндегі бірден-бір оқиға.