Парижде Қарабах мәселесі бойынша келіссөздер өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде Франция Президенті Франсуа Олланд Армения Президенті Серж Саргсян және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен Таулы Қарабах қақтығысын реттеу мақсатында кездесу өткізді, деп хабарлады ВВС.
Дерек көзінің мәліметіне сүйенсек, Олланд Әлиев, Саргсянмен жеке-жеке кездескен.
Қарабах қақтығысы 1988 жылы басталды. Ол 1994 жылдың 12 мамырына дейін созылып, бейбітшілік туралы келісімге қол жеткізілді.