Парижде көппәтерлі үйде болған өрттің салдарынан 5 адам қаза тапты, 29 адам жараланды
АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Париждің шетінде болған өрт оқиғасының салдарынан 5 адам қаза болды, олардың екеуі - балалар. Тағы 29 адам жарақат алды.
Жергілікті өрт қызметінің ақпараты бойынша, дүйсенбі күні таңертең Париждің солтүстік-шығысындағы Сен-Дени елді мекенінде 10 қабатты көппәтерлі үйдің басқышында белгісіз себептермен өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Жалынды сөндіру үшін оқиға орнына 100-ге жуық өрт сөндіруші шақырылған, олар өртке оранған үйден 18 адамды алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.