11:52, 10 Қаңтар 2015 | GMT +5
Парижде лаңкестікпен күрес бойынша халықаралық кеңес өтеді
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Францияның Ішкі істер министрі Бернар Казнев 11 қаңтар күні Парижде министрлер деңгейінде халықаралық кеңес өткізбек. Бұл шара Charlie Hebdo сатира журналының редакциясында болған лаңкестік әрекеттен кейін қолға алынып отыр.
Жиын лаңкестікпен күрес мәселесіне арналады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының басшыларына ақпарат алмасып, елдерің алдында лаңкестерге қарсы күресте туындайтын жалпы проблемаларды талқылауға мүмкіндік береді. Аталған шараға АҚШ-тың бас прокуроры Эрик Холдер мен көші-қон, ішкі істер және азаматтық мәселелері бойынша еурокомиссар Димитрис Аврамопулостың қатысуы мүмкін.