Парижде Матерацциді басымен ұрып жатқан Зиданның ескерткіші орнатылды

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Францияның футболдан құрамасының капитаны Зинедин Зидан мен Италияның ұлттық командасының қорғаушысы Марко Матераццидің арасындағы жайтқа арналған ескерткіш Парижде орнатылды.

Парижде Матерацциді басымен ұрып жатқан Зиданның ескерткіші орнатылды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Интерфакс-Казахстан» хабарлағандай, Жорж Помпиду атындағы Ұлттық өнер және мәдениет орталығының алдына орнатылған бес метрлік ескерткіш француздық футболшының Матераццидің кеудесін баспен ұрып жатқан сәтін бейнелейді.

Естеріңізге сала кетейік, сол ойынның 110-шы минутында Зидан Матерациидің ашу-ызасын шақырған сөзіне шыдай алмай, оны баспен ұрған болатын. Соның салдарынан ол алаңнан қуылып, нәтижесінде итальяндықтар әлем чемпионы атанды. Ал жақында ағылшындық Манчестер қаласы әкімдігінің «Манчестер Юнайтед» клубына команданың бас бапкері Алекс Фергюсонның ескерткішін орнатуға рұқсат бергені белгілі болды. Үш метрлік мүсін жақында Фергюсон есімі берілген «Олд Траффорд» алаңының солтүстік трибунасына орнатылады.