Парижде мектеп мұғалімінің өліміне күдікті алты жасөспірімнің соты басталды

Парижде 2020 жылы қылмыскер қолынан қаза тапқан мектеп мұғалімі Самюель Патидің өлімі бойынша алты жасөспірімге қатысты сот ісі басталды. Kazinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап.

Париж
Фото: ALAIN JOCARD/AFP

Самюель Пати сабақ кезінде оқушыларға Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткені үшін Шешенстан тумасы оның басын кесіп алған. Бұл жан түршігерлік оқиға Париж маңындағы Конфлан-Сент-Онорин қаласында болды.

Сол кезде 18 жаста болған Анзоровты полиция қылмыс орнында атып тастады.

Жасөспірімдер қылмыскерге мұғалімді көрсеткені үшін айыпталып отыр. Самюель Пати қаза тапқан кезде оқушылар 13-15 жас шамасында еді, олар екі жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, олар жасөспірімдер ісі бойынша сотқа келгенде бет-жүзін жасыруға тырысқан. Ең жас күдікті Пати өлтірілген кезде 13 жаста ғана болды. Ол мұғалімі қаза таппай тұрып тоғыз күн бұрын басқа себеппен сабақтан шеттетілген екен.

Айыптаулар бойынша, оқушы Самюель Пати өзін сабақтан қуып жібергенін айтып, әкесі Брахима Чинаға шағымданған. Оның сөзінше, мұғалім мұсылмандардың бәрі сыныптан шығып кету керек деп айтқаннан кейін екеуі сөзге келіп қалған. Бірақ шын мәнінде ол сол күні сабаққа қатыспаған болып шықты.

Содан кейін қыздың әкесі әлеуметтік желіге бейнеролик жүктеп, Патиді жұмыстан шығаруға шақырды.

Прокурорлардың пікірінше, осы видео шешен Абдуллах Анзоровты Нормандиядан Конфлан-Сент-Онорин қаласына 80 шақырым жолды артқа тастап келіп, қылмыс жасауына себеп болған.
Басқа бес күдікті Анзоровқа мектепте Патиді тануға көмектесіп, 300 еуро көлемінде сыйақы алған. Олардың бірінің айтуынша, Анзоров оған месье Пати Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткені үшін кешірім сұрап жатқанын видеоға түсіргісі келетінін айтқан.

Келесі жылы Францияда осы өлімге қатысы бар сегіз ересек адамға қатысты екінші сот процесі басталады. Олардың қатарында қыздың әкесі Брахима Чина да бар.

Прокурорлар Анзоровтың екі досын да адам өлтіруге көмектескені үшін айыптап отыр.

Олардың бірі Анзоровқа қару сатып алуға жәрдемдессе, екіншісі Самюель Пати сабақ берген мектепке жеткізіп тастаған.