Парижде отандастарымыз сайлау учаскесі жабылғанға дейін дауыс берді

ПАРИЖ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Франциядағы ҚР Елшілігінде құрылған №124-інші сайлау учаскесінде депутаттарға дауыс беру учаскенің жабылғанына дейін жалғасты.

Парижде отандастарымыз сайлау учаскесі жабылғанға дейін дауыс берді

Бұл туралы ҚазАқпаратттың тілшісіне Париж сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы, Франциядағы ҚР кеңесші-елшісі Жан Ғалиев мәлім етті. 

 Қазақстандық дипломаттың сөзіне қарағанда, Францияда уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан Қазақстан азаматтары сайлауда белсенділік,  азаматтық жауапкершілік танытты. «Жергілікті уақыт бойынша 19. 50 минут кеткенге дейін, учаскенің жабылатынына қарамастан, бір топ студенттер өздерінің парызын орындауға, дауыс беруге келді», - деді Ж. Ғалиев.

 Анықталған  мәліметтер бойынша, Парижде тіркелген 181 сайлаушының 88 -і дауыс берген.  «Нұр Отан» ХДП-на 57 адам, Демократиялық «Ақ жол» партиясына 6 адам, «ҚКХП» партиясына  2, «ЖСДП» париясына 8, «Ауыл» партиясына 6 адам,  «Қазақстанның патриоттар партиясына» - 4, «Әділет» партиясына 5 адам  дауыс берді», - деді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.