Парижде Сальвадор Далидің мұражайы тоналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Париждік Сальвадор Дали мұражайынан «Уақыт көрінісі» деген атумен танылған сағаттың мүсіндік бейнесі ұрланды.
None
None

Полицияның мәліметтері бойынша, қасқүнемдер тіпті екі мүсін ұрламақ болған, абырой болғанда бір қырағы турист суық қолдыларды байқап қалған. Атап айтқанда, олар Далидің танымал «Уақыттың биі» мүсінін де жымқырмаққа әрекеттенген көрінеді. Барлық өнер туындылары шыныланған жабдықтармен қоршалғанымен, күзет дабылымен қамтамасыз етілмеген екен. Әзірге, қылмыскерлер табыла қойған жоқ.

Сальвадор Далидің мұражайы 1991 жылы ашылған болатын. Оның мұнда 300-ден астам еңбектері қойылған.

Соңғы жаңалықтар