Парижде Шарль де Голль әуежайында бомба муляжі үшін шу шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде Шарль де Голль әуежайында FedEх курьерлік қызметінің жұмысшылары контейнер тиеп жатып, жарылғыш құрылғыға ұқсайтын зат салынған бірнеше қораптар тауып алды.

Парижде Шарль де Голль әуежайында бомба муляжі үшін шу шықты

Француздық БАҚ хабарлағандай, FedEx қызметкерлері кездейсоқ жыртылып қалған қораптан зақымдау элементіне ұқсас гайка мен болттар толтырылған жылдам тағам дайындайтын ыдыс тауып алды. Бірнеше қорапты ашқан олар тағы осындай жарылғышқа ұқсас құрылғы тапты, деді француздық NDTV арнасына олардың кәсіподақ өкілі.

Курьерлік компания қызметкерлері әуежай әкімшілігін қауіпті құрылғы жайлы хабардар етті. Оқиға орнына полиция келді, деп мәлімдеді Би-би-си.