Парижде шоколадтан жасалған киім үлгілері ұсынылды
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Париж қаласында өткен The Salon du Chocolat сән көрсетілімінде шоколадтан жасалған элементтері бар киімдер көрсетілді.
Көрсетілімге кәсіби модельдерден басқа танымал тұлғалар - спортшылар, әншілер, тележүргізушілер қатысты, деп жазады ИТАР-ТАСС.