Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Парижде жай түсіп, сегіз бала мен бір ересек адам жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде жай түсіп, сегіз бала мен бір ересек адам жарақаттанды, деп хабарлайдыРИА Новости.

 Парижде  жай түсіп, сегіз бала мен бір ересек адам жарақаттанды

Сенбі күні BFMTV ақпараттық арнасы хабарлағандай, келеңсіз оқиға Франция астанасының солтүстік-батысындағы Монсо саябағында орын алған. Алдын ала деректер бойынша, үш зардап шегушінің жағдайы аса ауыр. Оқиға орнында дәрігерлер мен құтқарушы-өрт сөндірушілер жұмыс жасауда.