Париждегі атыс: екі адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні таңертең Париждің орталық көшесіне таяу жерде болған атыстан бір ер адам мен полицей жараланды.
None
None

«32 жастағы ер адам ауыр жараланып, шұғыл Биша-Клод Бернардағы (Bichat-Claude Bernard)" ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Франс Пресс агенттігіне Париждің өртке қарсы қызмет өкілі Эрик Мулен.

Ол сондай-ақ жеңіл жарақаттанған 40 жастағы полицей өзге мекемеге жатқызылды» деп қосты.

Келеңсіз жағдайға байланысты қосымша мәліметтер әзірге хабарланбай отыр.
ФОТО: ru.rfi.fr

Соңғы жаңалықтар