Париждегі беделді «Гаво» концерт залында біздің еліміздің өнер шеберлері үлкен жетістікпен өнер көрсетті

ПАРИЖ. 25 маусым. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстан Респбуликасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, сондай-ақ Франциядағы ҚР Мәдениет күндері аясында Париждегі беделді «Гаво» концерт залында біздің еліміздің өнер шеберлері үлкен жетістікпен өнер көрсетті.

Париждегі беделді  «Гаво» концерт залында біздің еліміздің өнер шеберлері үлкен жетістікпен өнер көрсетті

Көрермендерге лық толған зал Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестірінің , Астана қаласы опера және балет театры камералық оркестірінің өнеріне қол соқты.

Қазақстан және КСРО-ның халық әртісі Әлібек Дінішев, дирижер Айдар Абжаханов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, дирижер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жалғасбек Бегендіков, халықаралық байқаулардың лауреаты Медет Шотабаев, ҚР еңбең сіңірген қайраткері Теміржан Ержанов, халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрия Кәрімбаева, Бибігүл Сауытова, Ержан Күлібаев, Салтанат Ахметова, Бауыржан Әндержанов, Бибігүл Жанұзақ сынды Қазақстанның басқа да өнер жұлдыздары Париждің өнер сүйер қауымын өз шығармашылықтарымен тәнті етті.

Қазақстанның өнер шеберлерінің делегациясын ҚР мәдениет вице-министрі Асқар Бөрібаев бастап барып, Франция мәдениет және коммуникация министрлігінің басшылығымен екі ел арасындағы ынтымақтастықты болашақта дамыту мәселелері туралы келіссөздер өткізді.