Париждегі Диснейленд нәсілшілдікке жол бергені үшін сотқа шақыртылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж қаласындағы Диснейлендке иелік ететін Euro Disney компаниясы жұмысшыларды қызметке қабылдауда нәсілшілдікке жол бергені үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлады ВВС агенттігі.
None
None

Сотқа Нәсілшілдікке қарсы тұру қауымдастығы шағым түсірген. Арызында қауымдастық аталған компания осыдан 10 жыл бұрын Париждегі Диснейлендке жұмысшыларды қабылдағанда адамдардан Еуропа елдерінің бірінің азаматтығы болуын талап еткен.
Диснейленд өкілі сол кезде ондай жарнама болғанын мойындады, бірақ оның айтуынша, жарнама мәтіні ғана дұрыс жазылмаған, себебі іс жүзінде адамдарды жұмысқа қабылдауда компания тарапынан ешқандай алалаушылық болмаған.
Егер, «Euro Disney» өзіне тағылған айыпты мойындайтын болса, 225 мың евро көлемінде айып төлеуге міндетті болады.

Соңғы жаңалықтар