10:04, 05 Ақпан 2019 | GMT +5
Париждегі өрт: 4 адам қаза тауып, 24-і жарақаттанған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өрт сейсенбі күні түнде Париждің батысындағы ғимаратта шыққан. Соның салдарынан кем дегенде төрт адам мерт болған, деп хабарлайды RTL радиостанциясы.

Оның дерегі бойынша, 24 адам жарақат алып, біреуі өте ауыр халде жатыр.
Өрт әлемнің 90 елінің елшілігі орналасқан Париждің XVI округінде болған.
Оқиға орнында 200 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Келеңсіз жайғдайдың мән-жайы әзірге айтылмай отыр.