Париждегі сайлау учаскесінде жоғары азаматтық белсенділік байқалды

ИЖ-БРЮССЕЛЬ. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Париждегі ҚР Елшілігіндегі сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы сол күні француз астанасындағы қолайсыз ауа райына қарамастан өте белсенді өтті.

Париждегі сайлау учаскесінде жоғары азаматтық белсенділік байқалды

Сайлаушылардың келуі 77 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Франциядағы Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Париждегі учаскелік сайлау комиссиясының дауыстарды есептеу нәтижесі президенттік бәсекенің сөзсіз көшбасшысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болғанын көрсетті, оған өз дауыстарын сайлаушылардың 85 пайызға жуығы берді. Танымалдығы жағынан екінші орынды «Қазақстан Патриоттар партиясының» өкілі Ғани Қасымов (5,7 пайыз) иеленді. «Табиғат» экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов Парижде дауыс берген қазақстандықтардың 5 пайыз дауысын иеленді. Тізімді 1,4 пайыздық көрсеткішпен Жамбыл Ахметбеков қорытындылады. Сайлау комиссиясы төрт бюллетенді жарамсыз деп таныды.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, дауыс беру аяқталған уақытта 139 сайлаушы тіркелді, оның ішінде Францияның Нант, Лион, Росни-су-буа, Еперней, Шуази-ле-руа, Будонвиль, Шатийон, Виши, Фонтенбло және өзге де қалаларында оқып жүрген және жұмыс істейтін отандастарымыз бар. Сондай-ақ, өзінің азаматтық борышын өтеуге сайлау учаскесіне Парижге турист ретінде келген және осында қысқа мерзімді іссапармен жүрген қазақстандықтар да келген.