10:31, 09 Қараша 2013 | GMT +5
Париждегі Спорт сарайында қуатты жарылыс болды
АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Парижде шоуға дайындық жасау кезінде пиротехниканың жарылуы салдарынан 15 адам зардап шекті.

Жарылыс Париждің оңтүстік-шығысында орналасқан Спорт сарайында "1789. Бастилия көңілдестері" спектакліне дайындық жасау кезінде сағат 18:00 (Мәскеу уақыты бойынша 21:00) шамасында орын алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, пиротехникалық құрылғылар жарылған. Ғимаратта әртістер мен сахна жұмысшылары ғана болған.