Париждің қақ ортасында атыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 7 қазанда Париж қаласының орталық көшелерінің бірінде атыс болып, екі адам жараланды, деп хабарлайды Le Parisien газеті.
Атыс шамамен жергілікті уақыт бойынша таңғы 6-да болған. Зардап шеккендердің жағдайы аса ауыр, олар шұғыл ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында тергеушілер, криминалистер және прокурор істің мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Басылымның деректеріне қарағанда, күдіктілер оқиға орнынан іздерін суытқан.