Париждің сұлулығы жыл мезгіліне тәуелді емес - К.Мәсімов

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - "Париждің сұлулығы жыл мезгіліне тәуелді емес", - дейді Францияға ресми сапар жасап қайтқан Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

Париждің сұлулығы  жыл  мезгіліне тәуелді емес -  К.Мәсімов

«Париждің сұлулығы жыл мезгіліне тәуелді емес. Париждің сұлулығы көз тартады, әсіресе, түнгі қала ерекше. Оқыған кітаптар мен көрген фильмдерден таныс сол Париждің сұлулығы», - деп жазды К.Мәсімов http://vkontakte.ru/kmassimov блогында.

Естеріңізге сала кетейік, Премьер-Министр 27 маусымда ресми сапармен Францияда болып, кездесулер өткізді, сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.