Парламент әскерилер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдауға бағытталған заңды қабылдады

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заң жобасын мақұлдады.
None
None
Енді аталған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасы Елбасының жүктеген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Бұл бағытта негізінен әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін шешу шаралары қарастырылады. Атап айтқанда, заң жобасында солдаттар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарына келісімшарт бойынша қызметке алғаш түскен азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы төлеу көзделеді. Сонымен қатар, заң жобасында осындай келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтіп жатқан, әрі күнтізбелік есеппен 8 жыл әскери қызмет атқарған әскери қызметшілерге еліміздің жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсаған шығындарының 50 пайызын өндіріп алу құқығы белгіленеді. Үкіметтің берген түсіндірмесіне сәйкес, шығындар республикалық бюджеттен қарастырылатын болады.
Соңғы жаңалықтар