Парламент азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға арналған заңды қабылдады

АСТАНА.  21 маусым. ҚазАқпарат -  Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, құжатты қабылдады.

Парламент азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға арналған заңды қабылдады

Парламент қабылдаған заңның негізгі жаңалығы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалануға бағытталған. Мұндай тұрақтандыру қорларын құру қажеттігі азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне бағаның маусымаралық кезеңде ауытқуларға ұшырайтындығына байланысты болып табылады.

Сондай-ақ, заңға сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің баға мен сапаға қарай таңдау жасауы үшін қай елден шыққанына қарамастан гербициттердің барлық түрлерін субсидиялау ұсынылады.  Сондай-ақ, өсімдіктерді қорғаудың жаңа инновациялық-биологиялық тәсілдерін де субсидиялау қарастырылады.

Жалпы алғанда заң нормасы алыс шетелден ауыл шаруашылығына арналған техниканы әкелу кезінде туындайтын проблемаларды да шешуге бағытталады.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.