Парламент балаларды шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны қабылдады

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңды қабылдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған конвенцияға 1993 жылғы мамырдың 29-ында Гаагада қол қойылған және БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы, Әлеуметтік және құқықтық қағидаттары туралы БҰҰ декларациясы, БҰҰ Бас Ассамблеяның қарары негізінде қабылданған. Қазақстанның Конвенцияға қосылуы халықаралық бала асырап алу, балалардың шетелдік асырап алу үшін берілуін құқықтық қорғау мәселелерін реттеуде басқа да мемлекеттермен күш-жігерді біріктігуге ықпал ететін болады.

«Аталған заң шетелдік азаматтар асырап алған жетім балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттердің өзара әрекеттесулерінің жалпы ережелерін айқындайды. Құжатты қабылдау қажеттігі түрлі себептерден туындауда. Біріншіден, азаматтық қоғамның еліміз аумағынан тысқары жерлерде тұратын, шетелдік азаматтар асырап алған қазақстандық балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіру көрініс табады. Екіншіден, Қазақстанның бала құқықтарын қамтамасыз етуі бойынша БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің нұсқауларына сәйкес қабылданған міндеттемелері орындауы шарт. Жалпы, Гаага конвенциясын ратификациялау арқылы біз шетелдік азаматтар асырап алған балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде анағұрлым кең өкілеттікке ие боламыз. Конвенция бала қабылдаушы мемлекеттерге жауапкершілік жүктейді. Құжатқа конвенцияға қол қойған және оны ратификациялаған басқа мемлекеттердегі балалардың тағдырын қадағалап бақылауға құқық береді», деді заң жөнінде баяндаған Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.

Оның айтуынша, Гаага конвенциясына сәйкес бала асырап алудағы басымдық өз ұлтының баласын асырап алуға мүмкіндік болмаса және бала асырауға беріп отырған мемлекеттің өз азаматтарына тәрбиеге беруі мүмкін болмаған жағдайда ғана шетелдік бала асырап алуға жол беріледі. Бұл норма қазақстандық заңнамада да қарастырылған. Сонымен бірге, конвенция асырап алатын баланың мүддесін қорғауды қамтамсыз ету, балаларды ұрлауды, сатуды, оларды саудаға салуды болғызбау мақсатында мемлекеттер арасында ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге арналған. Құжатта, сондай-ақ баланы қорғау үшін қажеті шаралар айқындалған. Егер баланы асырап алу оның мүдделеріне сай келмесе, уақытша немесе балама қорғаншылық ұйымдастырылады, сондай-ақ бала шыққан еліне қайтарылады.

Соңғы жаңалықтар