Парламент депутаттары ағымдағы сессияда қабылданған заңдарды түсіндіру мақсатында өңірлерді аралайды

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - 28 қараша мен 7 желтоқсан аралығында ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары елімізде ағымдағы сессияда қабылданған заңдарды түсіндіру мақсатында өңірлерді аралайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Парламент депутаттары ағымдағы сессияда қабылданған заңдарды түсіндіру мақсатында өңірлерді аралайды
«Сапар барысында депутаттар өз сайлаушыларымен кездесіп, жергілікті өзін-өзі басқару, инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті-жерлерде іске асуы, кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерді жан-жақты талқылайтын болады»,- деді ресми өкіл.