Парламент депутаттары екінші сессияда қоғамдағы өзекті мәселелерге арналған 700-ден астам сауал жолдады

ың 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Парламенттің екінші сессияның отырыстарында және Мәжіліс пен Сенаттың жалпы отырыстарында Премьер-Министрдің, Үкімет мүшелерінің атына сайлаушылардың өзекті проблемаларын шешуге арналған 700-ден аса депутаттық сауал жолданды. 

Парламент депутаттары екінші сессияда қоғамдағы өзекті мәселелерге арналған 700-ден астам сауал жолдады


Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Осы ретте айта кететін мәселе, Парламент депутаттары заң шығару үдерісін кідіртпестен өңірлерге шығып,  сайлаушыларымен тығыз байланыс жасап отырды. Өздерінің заң шығару қызметі туралы ел алдында ұдайы есеп беріп, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтардың пікірлерін саралады. Жұртшылыққа Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын   түсіндірді», - деді Мәжіліс спикері.