Парламент депутаттары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартуға қатысты бастамаға қолдау білдірді
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Парламентінде қос Палата Төрағасының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін республикалық референдум арқылы ұзарту жөніндегі қоғам өкілдерінің ұсынысын қолдаған депутаттардың бастамашыл тобы құрылды.
Мәжіліс пен Сенат депутаттары өздерінің үндеуінде Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы ұсыныстың: ..."тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөлі мен миссиясын ұғына отырып жасалғанын" атап өтті.