Парламент депутаттары мемлекет алдына қойылған міндеттердің орындалуын жіті бақылағандары дұрыс - Президент

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан Солтүстік Африкада және төңірегімізде болып жатқан жағдайлардан үлкен сабақ алып, болашақта қалай әрекет ететіндігіміз белгілі болуы тиіс. Ал әлеуметтік саланы жаңғыртуда қыруар шаралар атқаруымыз керек»,- деді бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырыснда бірқатар жоғары қызметтерге кандидаттарды тағайындаудан кейін сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
None
None

Президент сөзінде еліміздегі индустриялық бағдарламаға д, әлеуметтік бағдарламаға да тиісті қаражат бөлінгендігін айтты. «Алдыға қойған міндеттерді жүзеге асыратын білікті азаматтар бар. Парламент депутаттары істің жүзеге асырылу барысын бақылауға алғандары дұрыс. Біз өзіміз қабылдаған құжаттардың әрбір бөлігін жүзеге асыруға күш салуымыз қажет. Халықтың бізге деген сенімі зор. Оны біз сайлауда дауыс беруге келіп, ұзын-сонар кезекте тұрған халықтан көрдік. Біздегі сайлауды көріп, дүние жүзінен келген байқаушылардың барлығы таң қалып кетті. Осының барлығы да біздің саясатымыздың дұрыстығы және оны халықтың қолдайтынды. Бұл барлығымыздың жеңісіміз»,-деді Елбасы.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сөзінде халық билікке тек сенім артып қана қоймай, оған үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. «Бұл қиын да күрделі, әрі мәртебелі міндет. Соны орындау үшін мен осы апта ішінде барлық лауазым иелерін тағайындадым. Олардың ішінде жаңа тағайындалғандары да, бұрынғы лауазымына қайта тағайындалғандары да бар. Бірақ үкіметтің дені қалды. Оған себеп: қолынан іс келетін, еңбектеніп жүрген, бізге табыс әкеліп жүрген азаматтарды ауыстырудың ешқандай да қажеті жоқ. Қазіргі үкімет осыған дейінгі берілген тапсырманы аяқтады. Біз бір жағынан жас мамандарды да алып келіп жатырмыз. Екінші жағынан тәжірибелі азаматтар бұрынғы орындарында қалып жатыр. Сондықтан алдыға қойған міндеттерді орындаймыз деген ойдамын»,-деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар