Парламент депутаттары Сыр өңірі жұртшылығымен кездесті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының облыс тұрғындарымен кездесу жиыны өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады.

 Парламент депутаттары Сыр өңірі жұртшылығымен кездесті

Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдары, «Нұр Отан» партиясы облыстық, қалалық, аудандық филиалының белсенділері, этномәдени бірлестіктің жетекшілері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жүргізді. Алғы сөзді ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұрат Мұхамедов алды. Ол Мемлекет басшысының жариялаған екі маңызды құжаттың құндылығына тоқталды. Елбасымыздың арқасында нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрғанымызды, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырып, жаңа Елордамызды салғанымызды атап өтті.

null 

Сондай-ақ, конститутциялық реформаны кең түрде ҚР Парламенті депутаттары Наталья Жұмаділдаева, Майра Айсина, Мансұрхан Махамбетов, Асылбек Смағұлов, Абзал Ералиев талқыға салды.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған халық қалаулысы Наталья Жұмаділдаева IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту жолындағы жұмыстарды жандандыру, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесіне тоқталды.

Мұнан соң, депутаттар Қызылорда Теміржол клубында теміржолшылармен жүздесті. Онда да көптеген мәселелер талқыға салынып, аймақ тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, нақты жауаптары берілді.

Алдағы уақытта, халық қалаулылары 2-10 ақпан аралығында қала, аудандарды аралап, тұрғындар және түрлі сала мамандарымен кездесулер өткізетін болады.