Парламент депутаттары - Сыр өңірінде

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сейітсұлтан Әйімбетов пен Қылышбай Бисенов ақпан айының 10-11-інде аймақ тұрғындарымен кездесулерін жалғастырып,

Парламент депутаттары - Сыр өңірінде
Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш, Қармақшы аудандарында болды. Парламентшілер жоғары заң шығарушы органның жұмыс үдерісінен хабардар етіп, қабылданған заңдардың халықтың әл-ауқатының артуына зор ықпалы тиетінін сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Депутат Сейітсұлтан Әйімбетов кездесулерде Елбасының халыққа Жолдауларында да, мемлекеттік бағдарламаларда да жұртшылықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына аса мән берілгенін жеткізді. Оның үстіне әлемді шарпыған дағдарыс та жинақы жұмыс жүргізуді талап етеді. Міне, осы орайда ҚР Парламенті қандай заңдар шығарып отыр, ол заңдардың қажеттілігі неден туындады, олардың өмірлік мәні қандай? Әңгіме осы төңіректе өрбіді. Депутаттың мәлімдеуінше, өткен жылдың күз айынан бері, яғни 5 ай көлемінде Парламент 86 заң қабылдады. Ол заңдардың көпшілігі Елбасының өткен жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған. Мәселен, Бюджет кодексі еліміздегі 3 жылдық бюджетті бекітті. Бюджетті қабылдау барысында ең әуелгі кезекте нендей мәселелер ескерілуі тиіс, негізгі атқарылар шаруалар қандай, бұл жан-жақты нақтыланған. Сонан соң Салық кодексі жаңа жобамен іске асырылады. Кәсіпкерлікті қолдау, бизнестің тиімділігін арттыру көзделген. Салық түсімдерін реттеу мәселесі басты назарға алынған. Корпоративтік салық кәсіпорындарда көбірек қаржы қалдыруды көздейді. Яғни, кәсіпкерлік өрісі кеңейе түсуіне ықпал жасайды. Осы заң аясында 785 млрд. теңге мөлшеріндегі инвестицияға мүмкіндік туғандығын айтуға болады. Қаржы жүйесін тұрақтандыру және "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры жөніндегі заңдардың дер кезінде қабылдануы айрықша маңызға ие болды. Бұл құжаттар аясында 10 заңға өзгеріс енгізілді. ? Бұл орайда, ? деді Сейітсұлтан Сүлейменұлы,? банктердің қаржылық жағдайы бақыланатын болады. Қаржы бақылау агенттігі өз жауапкершілігін арттырады. Жуырда еліміздегі екі ірі банктің мемлекет қарауына алынғандығынан хабардарсыздар. Келесі кезекте сөз алған Қылышбай Бисенов заң шығарушы органның Елбасының әлеуметтік саясатын жүзеге асыру жолындағы ұстанымын одан әрі тарата айтты. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі ретінде жуырда қабылданған "Әлеуметтік қызмет көрсету туралы" Заңына тереңірек тоқталды. Дағдарыс әсері білінгенімен бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы көбейді. Президент тапсырмасымен Үкімет қазір ішкі нарықты сұранысқа сай реттеу барысында қажетті тауарлар бағасының қалыпты деңгейде болуын күнделікті қадағалап отыр. Жоғары және төменгі деңгейдегі атқарушы биліктің бұл бағыттағы іс-шаралар жоспарымен танысқан Парламент депутаттары нәтижелерге ұдайы бақылау жасайды. 2010 жылы Қазақстан Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуге талап етеді. Әлемдік қауымдастық біздің елдің бұл саяси қадамын, қоғамды демократияландыру үдерісін, соған орай заңдарға енгізілген өзгерістерді құптап отыр. Депутат сөз түйінінде алдағы уақытта Парламент республикадағы кәсіптік мектептерді дамытуға негіз қалайтын ұзақ мерзімді бағдарлама аясында білім ордаларының бүгінгі жағдайын саралайтынына тоқталды. Өзі осы мәселемен айналысатын құзырлы комиссия құрамында болғандықтан аудандағы кәсіптік лицейді аралап көргенін айтты. Әбден тозығы жеткен ғимараттарды жөндеуге қаржы кезең-кезеңімен қарастырылып, қолдау көрсетілуі тиіс. Жаңақорғандағы кездесуде ұстаз Зияуддин Әбілқайыров мал өнімдерін өңдеу, еңбек ардагері Шайдарбек Әшімов жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мамахан Сапарбаев дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді реттеу жөніндегі тілектерін білдірді. Шиелідегі жиында әлеуметтік қызметкер Бейбіт Жүндібаева банк қызметкерлерінің этикасын сынға алып, несие төлеу мерзімі кешіктірілгенде үстеме өндіруді уақытша тоқтатуға ұсыныс жасады. Жалағашта ардагер Раушанбек Смағұлов бағаны негізсіз көтермеу, зейнеткерлік жасын төмендету жөнінде пікір бөлісті. Қармақшыдағы жиында аудандық мәслихат депутаты Әбділдә Қуаңбаев ІІІ Интернационал ауылындағы 50 төсектік аурухананың 10 орынға дейін қысқаруы тұрғындардың ренішін туғызғанын, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі Әділ Қошалақов шағын және орта бизнес өкілдерінің бір жылдан бері екінші деңгейдегі банктерден қаржы ала алмай жүргенін, білім бөлімінің меңгерушісі Дастан Нәзікбаев оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы қиыншылықтарды алға тартты. Мәжіліс депутаттары сауалдарға жауаптар беріп, өзекті мәселелерді шешуде атқарушы билікпен бірлесе жұмыс жүргізу керектігіне тоқталды. Сапар барысында парламентшілер "Нұр Отан" ХДП аудандық филиалдарының жұмысымен танысты. Депутаттардың жұртшылықпен жүздесуі бүгін Арал, Қазалы аудандарында өтеді.
Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті
Ұқсас жаңалықтар

Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті