Парламент: халық қалаулылары екінші сессияда мемлекеттік шекара туралы заңды жаңа редакцияда қабылдамақ

None
None
АСТАНА.  29 маусым. ҚазАқпарат - Халық қалаулылары екінші сессияда мемлекеттік шекара туралы заңды жаңа редакцияда қабылдамақ.

 Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті бес шақырылымының бірінші сессиясының жабылуында баяндама жасаған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты.

Бірінші сессияның жұмысын аяқтай отырып, алдағы сессияның заң шығару қызметіне жақсы негіз қаланғандығын баса айтқан ол: «Әрине, жұмыс қарқынын төмендетпеу маңызды. Қазіргі уақытта Парламент қоржынында тағыда 28 заң жобасы бар»,-деді.

Төрғаның атап өтуінше, таяу аралықта Парламент депутаттарының қарауына 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы, ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттерді бөлу туралы, кепілдендірілген мемлекеттік заңгерлік көмек туралы және басқа да заң жобалары келіп түседі деп күтілуде.

«Бізден мемлекеттік шекара туралы және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы заңдарды жаңа редакцияда сапалы қарап, қабылдауды күтіп отыр»,-деді Н. Нығматулин.

Соңғы жаңалықтар