Парламент халықаралық келісімдегі мемлекеттік бажға қатысты норманы нақтылайтын заңды қабылдады

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында 1993 жылғы 24 желтоқсандағы әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заңын қабылдады.
None
None

Аталған хаттамаға 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеуде қол қойылған. Хаттаманың мақсаты уағдаласушы тараптардың соттарына берілетін талап-арыздар бойынша мемлекеттік бажды төлеу тәртібін нақтылайтын, нормалармен толықтыру болып табылады. Бұл ретте құжатпен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сот - төрелік органдарына мемлекеттік бажды төлеудің бірыңғай ақшалай баламасы ретінде ресей рублі белгіленеді. Ал мемлекеттік бажды өзге валютада төлеу сот орналасқан мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайларда жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар