Парламент Кеден Одағы аясында тауарлардың экспорты мен импортына қатысты салықтар салу жөніндегі келісімді қабылдады

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Кеден Одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды қабылдады.

Парламент Кеден Одағы аясында тауарлардың экспорты мен импортына қатысты салықтар салу жөніндегі келісімді қабылдады
Енді аталған құжат Елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Парламент қабылдаған Заң Кеден одағын және біріңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері бойынша халықаралық шарттардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді қабылдау мақсатында әзірленген. Қазақстанның Салық кодексіне және Кеден заңнамасына сай еліміздің кедендік шекарасы арқылы тауарларды алып өткен кезде салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алу жүзеге асырылады. Сонымен бірге, аталған келісімнің үшінші бабына сәйкес, тауарлардың импорты кезінде жанама салықтар алу салық төлеуші ? импорттаушының есепке қойылған жері бойынша салық органдарына жүктеледі.