Парламент Кеден одағы аясында үшінші елдерден тауарларды айқындау ережесі туралы келісімді бекітті
аурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Тауарлардың дамушы және бәсең дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңын қабылдады.
Енді құжат Елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеден одағы аясындағы осы келісімнің мақсаты мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумағында дамушы және бәсең дамыған елдерден шығарылатын тауарларға қатысты айқындау ережесін қолдану болып табылады. Бұл ретте дамушы және бәсең дамыған елдердің тізбесі тараптар арасындағы жеке келісіммен белгіленетін болады. Сонымен бірге, құжат Қазақстан мен Кеден одағы елдері преференцияларының жалпы жүйесі шеңберінде халықаралық міндеттемелері және анықтамасы бойынша тауардың шығарылғаны туралы декларация, сертификаттарын рәсімдеу талабын орындауға құқықтық негіз болып табылады. Тауарлардың дамушы және бәсең дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі Келісімнің ажырамас бөлігі болып отыр. Бұл ереже тек қана үшінші елдерден шыққан тауарларға қатысты қолданылатын болады.