Парламент Кеден одағының Кеден кодексі шартын қабылдады

bsp; Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Парламент Кеден одағының Кеден кодексі шартын қабылдады

Аталған шарттың басты мақсаты Кеден одағының бірыңғай аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету болып табылады. «Кеден одағының Кеден кодексінде бірқатар жаңалықтар қамтылып отыр. Атап айтқанда, құжатта өзара сауда кезінде кедендік рәсімдеу және кедендік бақылауды алып тастау Кеден одағының бірыңғай кеден аумағы түсінігін енгізу, арнайы жеңілдіктерді пайдаланатын өкілетті экономикалық операторлар институтын құру шаралары көзделеді», деді құжат бойынша баяндаған Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, Кеден одағының Кеден кодексі бірыңғай кеден аумағында кедендік реттеу саласында негізгі алынатын нормативтік құқықтық акт болып табылады. Осы Кеден кодексіне сәйкес Қазақстанның Кеден заңнамасы қабылданады. Сонымен бірге Кеден одағының Кеден кодексі кеден ісі саласындағы қызметті, жекелеген кеден операцияларын, белгілі бір тауарларды белгіленген мерзімде қолданылатын тізбеленген кедендік рәсімдер мен кедендік бақылау арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты өтпелі ережелерді көздейді. Сонымен бірге Кеден одағының Кеден кодексінде қамтылған негізгі ережелер мен қағидаттар Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық Кеден заңнамасында егжей-тегжейлі нақтыланады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.