Парламент: Кеден одағының сыртқы интеграцияланған ақпараттық жүйесі құрылады

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесiн құру,
None
None

оның жұмыс iстеуі және дамуы туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» ҚР заңын қабылдады.

Аталған құжат Кеден одағы аясында интеграцияланған ақпараттық жүйенi құрудың, оның жұмыс iстеуi мен даму негiздерiн, Кеден одағы комиссиясының, хатшылығының және тараптардың жүйенi құру жөнiндегi өкілеттiктерiн, қаржыландыру көздерi мен тәртiбiн айқындайтын болады. Келiсiмге сәйкес, тараптардың әрқайсысы өзiнiң мемлекеттiк интеграциялық сегментiн құрып, оның жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз ету бойынша құқықтарды жүзеге асыратын және мiндеттердi мойнына алатын операторларды белгiлейдi. «Келiсiм Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара саудасын тиiмдi реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен қатар экономикалық ықпалдасу үдерiсiн қамтуды көздейдi. Осыған орай, Кеден одағы сыртқы және өзара сауданың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң сегментi жасалып, «ұлттық шлюз» ақпараттық жүйесi құрылды. Жүйенiң қазақстандық бөлiгi Ресей, Беларусь пен Бiрыңғай экономикалық комиссия сегменттерiмен ықпалдасуға әзір», - дейдi Көлiк және коммуникация министрi Асқар Жұмағалиев. Оның айтуынша, интеграцияланған жүйенiң қазақстандық сегментiн құруға бюджеттен 3 млрд теңге бөлiнген.

Соңғы жаңалықтар