Парламент келесі АЭС-ті салуға қатысты конструктивті ұсыныстар әзірлейді — Қошанов

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжілістің Қоғамдық қабылдау қызметі аясында мейлінше тығыз қарым-қатынас орнатып, азаматтардың өтініштеріне айрықша көңіл бөлген жөн.

АЭС
Фото: Freepik

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті.

— Атом электр станциясын салатын жерді анықтау жайына келер болсақ, Мемлекет басшысы осы мәселе бойынша да депутаттық корпустан ұсыныс күтуде. Біз бұл тақырыпты жақсы білеміз. Елімізде бейбіт атомды пайдалану қажеттігін айтып, кезінде халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргіздік. Енді кезекті атом электр стансасын салатын орынды анықтау тақырыбын салалық комитет пен Қоғамдық палата отырыстарында сарапшылар мен ғалымдардың қатысуымен талқылаған жөн болады. Соның қорытындысы бойынша конструктивті ұсыныстар әзірлейтін боламыз, — деді Е. Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, заңнамалық шешімдердің бәрі халықпен тығыз байланыста қабылдануға тиіс.

— Өз қызметімізде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алып, сайлаушылармен белсенді қарым-қатынас жасауымыз қажет. Мәжілістің Қоғамдық қабылдау қызметі аясында мейлінше тығыз қарым-қатынас орнатып, азаматтардың өтініштеріне айрықша көңіл бөлген жөн. Халықтың пікірі, азаматтардың ерік-қалауы — Мемлекет басшысының саясатының басты өзегі. Сондықтан депутаттар күнделікті жұмыста осы қағиданы ұстануымыз керек, — деді Мәжіліс төрағасы.

Еске салсақ, 28 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Үкімет пен Парламент екінші ядролық станциясы қай аймақта салу қажет екені жөнінде ұсыныс беруі керек екенінін атап өтті.

Атап айтқанда, екінші АЭС салуға қайтадан референдум өткізілмейді

Соңғы жаңалықтар