Парламент көлік ішінде бала отырған жағдайда темекі тартуға тыйым салу ұсынысын қарайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияда 700-ден астам медицина қызметкерлерінің қолы қойылған ашық хаты парламент депутаттарының қарауына енгізілді. Онда егер де көлік ішінде бала отырса, адамдарға темекі тартуға тыйым салу бастамасына қолдау көрсету мәселесі көтерілді.

Парламент көлік ішінде бала отырған жағдайда темекі тартуға тыйым салу ұсынысын қарайды

Осыған дауыс беру дүйсенбіде парламентте өтетін болады. Бұл бастаманың жақтастары темекі тартатын адамдардың жанындағыларға айтарлықтай зиян келетінін, бұл тұрғыда АҚШ, Австралия, Канада және басқа да елдердің тәжірибесін енгізу керектігін алға тартуда. Осы шектеудің қарсыластары темекінің зиян екенін мойындаса да, алайда олар дәйек ретінде мемлекеттің автосүйер әрі шылымқұмар қауымның жеке өміріне бас сұғуға болмайтынын айтуда. Айта кетейік, 2007 жылдан бері Англияда қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салынған.