Парламент комитетінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетте денсаулық сақтау саласын дамыту және бірыңғай дистрибьютор арқылы дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша мәжіліс өтті,

Парламент комитетінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды

оның қызметі туралы «СҚ-Фармация» ЖШС бас директоры Сыздық Баймұқанов хабарлады.

Сыздық Баймұқанов өзінің баяндамасының басында Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау ұйымдарына дәрілік заттардың жеткізілуі үдерісін қалпына келтірді деп атап өтті. 2011 жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша «СҚ-Фармация» компаниясы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тауарды тиеу көлемін 3,6 есеге, яғни 6,4 млрд. теңгеден (2010 жыл) 23,3 млрд. теңгеге дейін арттырды.

Компания медициналық ұйымдармен 31,3 млрд. теңге сомасына шарт жасады. Жаңа шарттар жасау, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қосымша өтінімдері есебінен жасалған шарттар сомасы 1 мамырдағы жағдай бойынша 44,11 млрд. теңгеге (41%-ға) дейін артты. 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда шарттар сомасы 24%-ға көп (8,38 млрд. теңге).

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-фармация» компаниясымен бірлесіп, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тегін дәрілік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге кірісіп кетті.

Жаңа тұжырымдамаға сәйкес тегін дәрілік қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында сирек аурумен ауыратын адамдар үшін қымбат препараттарға және барлық қалған препараттарға бөлу ұсынылады. Қымбат препараттар инсулиндер сияқты Бірыңғай дистрибьютор арқылы жарты жылдық қормен сатылып алынады. Кең таралған және созылмалы аурулармен ауыратын науқастарды емдеу үшін жүйе (орнын толтыру) енгізілген, ол дәріханалар мен дәрілік құралдарды еркін таңдауға мүмкіндік береді. Науқастарға қолайлы болу үшін дәріханалардың, оның ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанындағы дәріханалардың, СУА, ОДА, ФАБ жанындағы жеке тұлғалардың шексіз санын тарту қажет. Алдын ала ілкі жоба жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, азаматтардың жеңілдік берілген санатын ДЗ-ға 50% шығынның орнын толтыруды 100% орнын толтырумен тегін санатқа көшіружоспарлануда.

Бұдан басқа ДЗ шығындауға бақылау күшейтілетін болады, нозология бойынша науқастардың электрондық тіркелімі негізінде тиімді жоспарлау әдістері әзірленуде.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес пациенттердің автоматтандырылған тіркелімін құруды ұсынамыз. Сонымен, мысалы, ЕО елдерінде уәкілетті органның сайтында әрбір пациент үшін тағайындалатын дәрілік препараттардың көлемі мен олардың сақталу орындарын көрсетумен ақпарат орналастырылады. Науқастарға, өз кезегінде жеке код беріледі, ол дәрігерлік құпияны сақтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір ниет білдірген науқас қанша қаражат жұмсалғандығын және дәрілер қоры қайда сақталғандығы туралы біле алады. Осының барлығы әлеуметтік шиеленісті төмендетіп, үдерісті қоғам үшін ашық етеді.

«СҚ-Фармация» ЖШС бас директоры Сыздық Баймұқанов: «Пациенттер дәрілік заттармен медициналық көмек көрсету деңгейіне және бюджетке, медициналық қызмет сапасына тәуелсіз үздіксіз қамтамасыз етілуі тиіс. Науқасқа медициналық көмек көрсету уақытында жүзеге асырылуы тиіс»,-деп атап өтті.

СК-Фармация денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі шеңберінде стационарлар үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алумен және оларды емдеу мекемелеріне жеткізумен айналысады. Жалғыз ғана ерекшелік - ересектер үшін гемофилиямен ауыратындарға қан ұйы­ту факторы және диабетпен ауыратындарға инсу­лин­дер. Жеңілдікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ амбулаториялық науқастарды емдеу үшін препараттарды сатып алумен жеткізуді денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.