Парламент құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды қабылдады

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң жобасы бойынша қос палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарын талқылап, құжатты қабылдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасының мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты орнықтыру болып табылады. Сонымен бірге, құжат құқық тәртібін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылық профилактикасының тиімді жүйесін қалыптастыру шараларын қамтиды. Бұдан бөлек, бұл бағытта атқарушы билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, құқық қорғау органдарының, әлеуметтік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелері көзделіп отыр. Сондай-ақ, заң жобасында құқық бұзушылықтың алдын алатын субъектілердің іс-қимылын үйлестіру, бостандықтан айыру орындарында жазасын өтегендерді әлеуметтік бейімдеу шаралары және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру қарастырылған.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына сенаторлар бірқатар түзету енгізген болатын. Атап айтқанда, Сенат белгілі бір тұрғылықты жері немесе құжаттары жоқ адамдарға қатысты жеке профилактика шарасы ретінде жүріп-тұру бостандығын алдын ала шектеуді ұсынды. Бұл ұсыныс Конституциялық кеңестің Парламентке жолдауын іске асыру мақсатында жасалған. Қос палата арасындағы келісім комиссиясы ұстанымдарды қарап, ол бойынша түзетулердің басым бөлігі Парламент Сенатының ұсынған редакциясында қабылданды.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар