Парламент Мәжілісі Иранға қатысты құжатты жұмысқа алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан мен Иран арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған келісім 2019 жылғы 12 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында жасалды. Келісімнің негізгі мақсаты – уағдаласушы тараптардың азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету тәртібін белгілеу», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бұл тұрғыда құжаттарды беру, дәлелдемелерді жинау, куәгер мен сарапшыны шақыру, сот актілерін және төрелік шешімдерді тану, сондай-ақ ақпаратпен, материалмен алмасу ескерілген.

«Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылғы 24 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Н. Әбдіров.



Соңғы жаңалықтар