Парламент Мәжілісі сайлауы барысында 30 мың адам сауалнамамен қамтылатын болады - «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры 15 қаңтардағы Парламент Мәжілісі сайлауы барысында 30 мың адамды сауалнамамен қамтуды жоспарлап отыр.
None
None

Бұл жайында бүгін Астанада аталған қордың президенті Гүлмира Илеуова мәлім етті.

«Біз сайлау барысында елміздің барлық өңірінде сайлаушылар арасында  сауалнама жүргіземіз. Атап айтқанда бұл шаралар Қазақстан аумағындағы 200 сайлау учаскесінде өткізілетін болады»,-деді ол.  

Г. Илеуованың сөзіне қарағанда, 15 қаңтарда өтетін сайлауда шамамен 25-30 мың адамды осы сауалнамамен қамту жоспарланып отыр. Осы  экзит-пул кезінде оның нәтижелері сайлау күні 5 мәрте жарияланады.

Сауалнамада азаматтың жасы, жынысы, қызметі секілді жалпы мәліметтер қамтылады.  Сайлаушы дауыс берген партиясын бюллетень түрінде толтырып, оны арнайы жәшіктерге салатын болады. Оның пайымдауынша, адамдар көбінесе дауыс берген партиясы жайында ашық айтуға тартынады. Сондықтан бұл шаралар сайлаушының құпиялығын сақтау мақсатында жасалып отыр. Сауалнаманы жүргізуге 450 адам жұмылдырылмақ.

Г. Илеуованың пікірінше, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры мен ресми мәліметтер арасындағы айырмашылық шамамен 5 пайызды құрамақ.

Соңғы жаңалықтар