Парламент Мәжілісінің депутаты Барсакелмес қорығының жайына алаңдаушылық білдірді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Елбасы бастамасымен Арал өңірінің экологиясын сауықтыру, экономикасын дамытып, халқының әлеуметтік ахуалын жақсарту бағытында іргелі істер атқарылды.
None
None
"Сырдария өзенінің арнасын реттеу және солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру" жобасының бірінші кезеңі аяқталып, нәтижесінде теңіз суының тұздылығы төмендеді, балық қоры молайды. Сырдария өзені атырабындағы көлдер жүйесі толығып, сулы-шалғынды алқаптар қалыптасты. Сирек кездесетін аң-құстардың саны артты. Осы ретте Парламент Мәжілісінің депутаты Қылышбай Бисенов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке Барсакелмес қорығының бірқатар проблемаларын мемлекеттік табиғи қорық негізінде биосфералық резерват құру арқылы шешу туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында аралдағы тіршілік көздерін сақтап, көбейтумен қатар оған тұрақты мониторингтік бақылау жасау, өсімдіктер мен жануарларды санақтан өткізу, экологиялық ағарту қызметін жүргізу, ғылыми зерттеулер мен табиғат қорғау іс-шаралары жүзеге асырылуы тиіс. Дегенмен аталған қорықтың бүгінгі мәртебесі мен шекарасы, қызмет ауқымы жоғарыда аталған міндеттерге жетуге мүмкіндік бермейді. Халықаралық Аралды құтқару қоры мен қорық ұжымы бастамасымен 2007 жылы "Барсакелмес қорығында биосфералық аумақтар құру және оны аймақтарға бөлу" атты жоба даярланды. Барсакелместің өткенін зерделеп, бүгінін бағамдау және болашағын бағдарлау үшін резерват құрудың маңызы зор. Жаңа мазмұндағы табиғат қорғау аумағын құру арқылы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік туады. Табиғи кешендердің күзет тәртібі нығайып, экологиялық ахуал сауығады, тарихи-мәдени мұраларды сақтауға жол ашылады. Мәжіліс депутаты Барсакелместі ерекше қорғалатын биосфералық аумаққа айналдырудың осындай тиімді тұстарын саралап, Үкімет деңгейінде арнайы шешім қабылдауды сұрады.
Соңғы жаңалықтар