Парламент Мәжілісінің депутаты Қазақстан заңгерлері одағының төрағасы болып сайланды

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен Заңгерлердің бірінші республикалық съезі барысында Заңгерлердің республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды.
None
None

Осы орайда Парламент Мәжілісінің депутаты  Рахмет Мұқашев Қазақстан заңгерлері одағының төрағасы болып сайланды.

Дауыс беру арқылы ұйымның Жарғысы қабылданды, сондай-ақ 5 адамнан құралған орталық кеңестің құрамы бекітілді.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінің президенті Мақсұт Нәрікбаевтың пайымдауынша, жаңа одақ құқық саласында мемлекет пен қоғамның одан әрі қарай өзара іс-қимылына және жалпыұлттық мүдделерге құқықтық тетіктермен қолдау жасау үшін қажет. «Заңгерлер одағы құқықтық реформа, заңгерлік білім беруді дамыту, ғылыми заңгерлік мекемелерді ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға салмақты ұсыныстар жасауға қауқарлы болады», - деп атап өтті М. Нәрікбаев.

Айта кетейік, Рахмет Мұқашев  Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар