Парламент Мәжілісінің депутаты М.Әшімбаев Еуразия ұлттық университетінде «Елбасы және елдік мұраттар» тақырыбында дәріс оқиды
АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - 30 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты - Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесу өтеді.
Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз орталығынан хабарлады.
Депутат университеттің студенттері және профессор-оқытушылар құрамы алдында «Елбасы және елдік мұраттар» деген тақырыпта дәріс оқиды. Бұл шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылып отыр.