Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы ҚазҰАУ ғалымдарымен кездесті

МАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз өз тауарлармыздың бәсекеге қабілеттігі туралы мәселені шешеміз. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова кеше Қазақтың ұлттық аграрлық университеті ғалымдарымен болған кездесуде айтты.

Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы ҚазҰАУ ғалымдарымен кездесті

Ғалымдардың жасалымдары мен жүргізген зерттеу жұмыстарымен танысқан депутат алған әсері туралы ағынан жарылды. Қазақтың ұлттық аграрлық университетінің жетістіктеріне өз таңданысын жасыра алмаған ол Қазақ-Жапон инновациялық орталығының жасалымдары тек республикалық қана емес, халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін айтты.

«Біз қазірдің өзінде біріңғай экономикалық кеңістікке кірдік. Сол себепті біздің жасалымдар тек мемлекеттік қаржыландырумен шектеліп қалмау керек. Мұндай жасалымдарсыз, мұндай салалық талдауларсыз елімізде экспортқа ешнәрсе шығарылмауы керек. Бұл халықаралық стандарттар арқылы біз, әрине, өз тауарларымыздың бәсекеге қабілеттігі мәселесін шешеміз», - дейді Гүлжан Қарағұсова. Оның пайымдауынша, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін импортты құрылымдап, сырттан тасымалданатын өнімдердің сапасын қадағалауды күшейту керек.