Парламент Мәжілісінің отырысында қаржылық пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланады

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс Бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметінен.
None
None

Палата қарауына күн тәртібіне бірінші оқылымға «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен шығарылады. Ал екінші оқылымға қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты түзетулер барады. Солардың қатарына әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамалық жаңалықтар да қосылады.

Жалпы отырысқа: «2009 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге («Оңтүстік - Батыс» жол дәлізінің жобасы («Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі) № 1 Қосымша Келісімді ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ Дәліз 2 Инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] - 2-жоба) ратификациялау туралы»; «1997 жылғы 10 маусымдағы Жазасын әрі қарай өтеу үшін, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» қарастыратын заң жобаларының тобы енгізіледі.

Палата Қырғызстан Республикасында мектеп салу туралы қазақстан-қырғызстан Үкіметтері аралық Келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы салалық комитет қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады.

Соңғы жаңалықтар