16:51, 10 Мамыр 2011 | GMT +5
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, 11 мамыр күні, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді. Онда бірқатар заң жобалары қаралады

Мәжілістің жалпы отырысында «Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыға түседі.
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларыныңдепутаттар талқысына шығарылатыны қарастырылуда.
Сондай-ақ «Беларус Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы күн тәртібіне қойылған.