Парламент Мәжілісінің және мәслиxат депутаттарын сайлау науқанына 8 млрд теңге бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің және мәслиxат депутаттарын сайлау науқанына шамамен 8 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Парламент Мәжілісінің және мәслиxат депутаттарын сайлау науқанына 8 млрд теңге бөлінеді

«Мәслиxат және мәжіліс депутаттарын сайлауды бірлесіп өткізу арқылы біз бюджеттік қаражатты едәуір үнемдейтін боламыз. Үнем көлемі шамамен 4,8 млрд теңгені құрап отыр. Жалпы сайлау науқанына біз шамамен 8 млрд теңге бөлінеді деп қарастырып отырмыз», - деді ол.

Оның айтуынша, жалпы Парламент Мәжілісіне 107 депутат, жергілікті мәслиxатқа 3 335 депутат сайланады.
Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінің және мәслиxат депутаттарын сайлау 20 наурызға, ҚХА атынан ұсынылатын депутаттардың сайлауы 21 наурызға белгіленді.