Парламент Мәжілісі заң және тәртіп қағидатын күшейтуге бағытталған жаңа заңды талқылайды
АСТАНА. KAZINFORM – Парламент Мәжілісінің қарауына «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат енгізілді.

- Аталған заң жобасы мен оған ілеспе құжаттар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдануында айтылған тапсырмаларына және Үкіметтің ағымдағы заң жобалау жұмыс жоспарына сәйкес әзірленіп, енгізілді. Заң жобалары құқық бұзушылық профилактика саласындағы мемлекеттік саясатты жүйеге келтіруге, заң және тәртіп қағидатын күшейтуге бағытталған, - деді депутат Снежана Имашева Мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, бұл жобада біртекті 5 заңның нормалары бір заңға біріктірілген. Сонымен қатар құқыққа қарсы контентпен күресу мақсатында әкімшілік жауапкершілік бөлігінде бірқатар норма көзделген.
- Жалпы, азаматтарды, әсіресе, әйелдер мен балаларды әртүрлі зардаптан қорғауға, ондай жағдайлардың барынша алдын алып, болдырмауға және себептерін жоюға мүмкіндік береді. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті заң болары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутат.
Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.